Грантқа түсу үшін тестілеу сәуір-маусым аралығында өтеді. Екі тегін тест болады. Ал наурыз айындаға компьютерлік форматтағы ҰБТ ақылы бөлімдерге түсу үшін арналған.
ERNUR.KZ. Қазақстанда алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Достар, наурызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу: 4 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде. Еліміздегі карантиндік шектеулерге сәйкес, тестілеу тізіммен өткізіледі", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.
Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өткізіледі. Құны - 2 242 теңге. Наурыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге болады.
Тіркелу барысында ҰБТ өткізу пунктінің қайсы жұмыс істейтіні көрсетіледі.
Бұған дейін Дидар Смағұлов қазақстандық түлектер ҰБТ-ны үш рет тапсырып көре алатынын хабарлаған болатын. Бір рет ақылы, ал қалған екі рет тегін.
Грантқа түсу үшін тестілеу сәуір-маусым аралығында өтеді. Екі тегін тест болады. Ал наурыз айындағы компьютерлік форматтағы ҰБТ ақылы бөлімдерге түсу үшін арналған. Оған түлек өз қалауымен қатыса алады.