Қазақстанда алғаш рет коронавирустан көз жұмғандардың мәйіті зерттелді

0
604

Мамандар коронавирустан қайтыс болған алматылықтардың жиі кездесетін қосалқы аурулары артериялық гипертензия және қант диабеті болғанын айтты.


Қазақстанда алғаш рет коронавирустан көз жұмғандардың мәйіті зерттелді

ERNUR.KZ. Қазақстанда алғаш рет коронавирустан қайтыс болған мақұмдардың мәйіті зерттелді, деп жазады aikyn.kz.

Алматы облысында мамандар 65 адамның мәйітін тексеріп, қандай жағдайда ауру өлімге әкелуі мүмкін екенін анықтап көрді. Барлық жағдайда өлімнің себебі респираторлық стресс синдромы екені белгілі болды. Қайтыс болғандардың 61 проценті қосалқы ауруы бар адамдар.

Мамандар коронавирустан қайтыс болған алматылықтардың жиі кездесетін қосалқы аурулары артериялық гипертензия және қант диабеті болғанын анықтады.

Қайтыс болған 65 науқастың 41-і ер адам болса, 24-і әйелдер. Ең жас қайтыс болған адам 32 жаста, ал ең үлкені 92-де. Барлық науқастан COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды. Науқастар өкпені жасанды желдетуге мұқтаж болған.