Қазақстанда алғаш рет: Робот онкохирургиялық операция жасады

0
142

Операцияны жасауға жаңа буындағы роботтандырылған хирургиялық платформа – Sage bot SR–2000 қолданылды.


Қазақстанда алғаш рет: Робот онкохирургиялық операция жасады

ERNUR.KZ. Елімізде алғаш рет Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында робот операция жасады, деп жазады baq.kz.

Белгілі болғандай, жоғары технологиялы роботтандырылған онкохирургиялық операция – кеңейтілген лимфодиссекциямен нефрэдреналэктомия сәтті өтті.

Бірегей хирургиялық ота онкологиялық аурудың асқынған түріне жасалған. Осылайша, зақымдалған бүйрек, бүйрекүсті без және аймақтық лимфа түйіндері алынып тасталды.

Операцияны жасауға жаңа буындағы роботтандырылған хирургиялық платформа – Sage bot SR–2000 қолданылды.

Айта кетерлігі, хирургиялық платформа тіпті, күрделі клиникалық жағдайлардың өзінде азинвазивті операцияларды жасауға кең мүмкіндікке ие.

Оның бұған дейін қолданылған жартылай автоматты жүйелерден айырмашылығы – Sage bot SR–2000 хирургиялық дәлдік, көзбен көру және бақылаудың жаңа деңгейіне шығуға жол ашты. Сондай-ақ бұрын техникалық тұрғыдан қолжетімділігі қиын онкологиялық ауруларды емдеуге жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр.

Бұл оқиға Қазақстандағы онкохирургияның дамуына жаңа серпін берді. Біз пациенттерімізге тіпті, ең күрделі клиникалық жағдайларда көмек көрсете алатынымызға қуаныштымыз, - деп атап өтті ҚазОРҒЗИ директоры Ербол Бекмұхамбетов.

Роботтандырылған операцияның артықшылықтарына тоқталсақ:

  • Обырдың ең кең таралған түрлерінде жоғары тиімділік;
  • Операцияның көлемін сақтау отырып, тіндердің жарақатын азайту;
  • Дәлдікті арттыру үшін операция аймағын 3D-визуализациялау;
  • Құралдардың микрохирургиялық тұрғыда ыңғайлылығы;
  • Операциялық бригадаға түсетін физикалық күшті азайту;
  • Пациентті қорғаудың дербес жүйесі.