Қазақстанда америкалық университет ұшқыштарды даярлайды

0
100

Елде америкалық Kent State University оқу орнының филиалын ашу жөнінде келісім жасалды.


Қазақстанда америкалық университет ұшқыштарды даярлайды

© Sputnik / Максим Блинов

ERNUR.KZ. Қазақстанда АҚШ-тың жетекші авиация университетінің филиалы ашылады, деп жазады sputnik.kz.
Елде америкалық Kent State University оқу орнының филиалын ашу жөнінде келісім жасалды, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
Жаңа оқу орны Қазақстан мен Орталық Азия нарығына қажетті келесі мамандарды даярлайды:
Ұшқыштар;
Инженерлік-техникалық мамандар;
Әуе қозғалысын басқару диспетчерлері.
Айта кетері, Kent State University — халықаралық аккредиттеуден өткен, жеке әуежайы мен оқу-жаттығу ұшақтар паркі бар беделді америкалық оқу орны.
Көлік министрінің айтуынша, мұндай халықаралық стандарттағы орталықтың ашылуы Қазақстанды өңірдегі жетекші авиациялық хабқа айналдыруға үлкен серпін береді. Қазіргі уақытта тараптар жобаны сарапшылық деңгейде пысықтауға кірісті.