Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады

0
87

Жанартау жергілікті уақыт бойынша сағат 14:35-те атқылай бастаған.


Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады

weathernews.jp

ERNUR.KZ. 21 қарашада Жапонияның Кюсю аралында Сакурадзима жанартауы атқылады. Бұл туралы Жапония метеорологиялық агенттігі (JMA) мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Жанартау жергілікті уақыт бойынша сағат 14:35-те атқылай бастаған. Оның кратерінен көтерілген күлдің биіктігі шамамен бір шақырымға жетіп, оңтүстік-шығысқа қарай тараған.

Жапонияның метеорологиялық агенттігі жанартаудың қауіп деңгейін өзгеріссіз қалдырды. Қазір қауіп деңгейі бес балдық жүйе бойынша үшінші сатыда тұр.