Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

0
107

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.


Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Халил Аун мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz.


Қазақстан Президенті берік достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.