Қазіргі уақытта оқу құны – 305 мың теңге.
ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Қазақстанның әскери-техникалық оқу орындарындағы оқу құнын ең төменгі есептік көрсеткішке теңестірмек. "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында ведомство басшысы Руслан Жақсылықовтың бұйрығы жарияланды. Ол қолдау тапса, оқыту бағасы 369 200 теңгеге дейін көтеріледі, деп жазады Stan.kz.
Құжатқа сәйкес, қазақстандықтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтарда оқыту құны 100 АЕК (2024 жылы – 369 200 теңге) болады.
"Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық училищесі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы айлық есептік көрсеткіш (жұмыс, көрсетілетін қызмет) бекітілгеннен кейін жыл сайын уәкілетті орган бекітетін есеп бойынша қалыптастырылады)", – делінген құжатта.
Бұйрық жобасын талқылау 23 тамызға дейін жалғасады.
"Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық училищесі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Семей, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қарағанды, Көкшетау қалаларында орналасқан 13 филиалдан тұрады.
Қазіргі уақытта оқу құны – 305 мың теңге.