Мәжіліс жаңа Су кодексін қабылдады.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Қазақстанда ауыз суды пайдаланатын көлік жуу орындарының жұмысына тыйым салынады, деп жазады stan.kz.
Мәжіліс жаңа Су кодексін қабылдады. Бұл кодекс бойынша шағын көлік жуу орындарынан бастап ірі зауыттар мен кемелерге дейін арнайы су пайдалану рұқсатын алуға міндетті. Бұл туралы кодекс бойынша жұмыс тобының жетекшісі Павел Казанцев айтты.
“Ауыз суды пайдаланып, оны кәріз жүйесіне ағызатындарға жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Көлік жуу орындары тек айналымдағы су жүйесі болған жағдайда ғана жұмыс істей алады", – деді ол.
Кәсіпорындарға айналымдағы су жүйесін енгізу үшін екі жыл уақыт берілгенін Казанцев ерекше атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов биыл 11 ақпаннан бастап суды үнемді тұтыну мақсатында лимитті 4 деңгейлі тарифпен белгілеу енгізілетінін мәлімдеген еді.