Бұл туралы Білім және ғылым министрі мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Қазақстанда болашақта балалар үйі болмайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында мәлімдеді, деп жазады altaynews.kz.
Министрдің айтуынша, әлеуметтік жетімдікті төмендету бойынша жұмыс жандандырылған және балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны 31%-ға азайған екен. Бүгінгі таңда балалар үйлерінің саны 140-тан 107 бірлікке дейін қысқарыпты.
Болашақта балалар үйі Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына айналады. Қазір оны бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Сондай-ақ, министр балаларды отбасына беру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2016 жылдан бастап жетім балалардың республикалық деректер банкі жұмыс істейтінін атап өтті.