Құжат қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау және реттеуді жеңілдету туралы заңды іске асыру мақсатында әзірленген.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазақстанда банк қызметтерін ұсыну қағидаларына өзгерістер әзірленді. Тиісті құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жариялады, деп жазады tengrinews.kz.
Құжат қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау және реттеуді жеңілдету туралы заңды іске асыру мақсатында әзірленген.
Қаулы жобасында мыналар қарастырылған:
- Мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі азаматтар үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шаралар – ұлттық стандартқа сәйкес;
- Банк сайтында қарыздар бойынша ай сайынғы төлемдерді есептейтін калькуляторды орналастыру міндеттілігі;
- Төлемдер мен аударымдар тарифтерінің өзгерісі туралы клиенттерге кемінде 3 ай бұрын хабарлау;
- Клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдерін белгілеу.
Сондай-ақ, нормативтік актінің атауына редакциялық өзгерістер енгізу жоспарланған.
Бұл нормалар әлі күшіне енген жоқ. Қаулы жобасы 21 шілдеге дейін "Ашық НҚА" порталында көпшілік талқылауында болады.