Еуразиялық экономкалық одақ мүшесі ретінде Қазақстан өз өнімін кедендік бажсыз 166 млн тұрғыны бар одақтың өзге елдеріне экспорттай алады.
ERNUR.KZ. «Бейкер Макензи» жаһандық атқарушы комитет төрағасының орынбасары доктор Констанц Ульмер-Айлфорт Қазақстанда батыстық брендтерді жарнамалайтын және киімдерін шығаруға мүмкіндік беретін компания құруды ұсынды, деп жазады baq.kz.
Киім мен текстиль Қазақстан экономикасының басым бағыттарының бірі болғанымен, мұнда бұл сектор толыққанды дамымаған. Біздің ойымызша Қазақстанның сән және текстиль индустриясын дамытуда мүмкіндігі зор, осылайша, киім мен текстильді елдің шикізаттық емес, экспортын маңызды бағыттарының біріне айналдыруға болады, - деді ол.
Ол Еуразиялық экономкалық одақ мүшесі ретінде Қазақстан өз өнімін кедендік бажсыз 166 млн тұрғыны бар одақтың өзге елдеріне экспорттай алатынын атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақтың елдері арасындағы көлік қатынастары жақсы дамыған.
Саяси және сауда шектеулеріне байланысты батыста брендке айналған компаниялар өнімдерін еңбек қауіпсіздігі мен адам құқықтары сақталатын өзге елдерде өндіру мүмкіндігін қарастырып жүр. Қазақстан батыстық комнаниялардың көңілінен шағыды деп ойлаймын, - деді ол.