Жалдау бағасы Түркістанда айтарлықтай өскен жоқ.
ERNUR.KZ. Қазақстанда бір жыл ішінде тұрғын үйді жалға алу 50%-ға қымбаттады, деп жазады stan.kz.
Республика бойынша бір жыл ішінде тұрғын үйді жалға алу бір жарым есеге, яғни 47,2%-ға қымбаттады.
Қыркүйек айында Қазақстанда 1 шаршы метр тұрғын үйді жалға алудың орташа мөлшері 4612 теңге, ал бір ай бұрын 4029 теңгені құрады.
"Өсім – 14,5%. Бір ай бұрынғы көрсеткіш 12,4%-ды құрады", - дейді сарапшылар.
Пәтер жалдау құны ең қымбат қала – Алматы. Бір шаршы метр үшін 5611 теңге, тамыз айында ол 4920 теңге болды. Жалға алу құны бір айда 14% - ға қымбаттаған.
Сонымен қатар, Ресеймен шекаралас қалалардың пәтер жаладу бағасы бір айда шарықтаған.
"Қостанайда бір айда баға 42,6%-ға, Петропавлда 27%-ға өсті", - дейді сарапшылар.
Жалдау бағасы Түркістанда айтарлықтай өскен жоқ. Жалдау құны 0,6%-ға артты.
Одан бөлек, Талдықорғанда 3,5%-ға, Шымкентте 3,9%-ға және Қызылордада 4,3%-ға қымбаттады.