Коронавирус бірден екі қазақстандықтан анықталған, олар Германиядан келген.
ERNUR.KZ. Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, - деп жазады тengrinews.kz.
Ақпаратты еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкілдері растады.
Коронавирус бірден екі қазақстандықтан анықталған, олар Германиядан келген.
Еске салайық, мұның алдында бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус қашан келетінін айтқан болатын. Оның айтуынша, коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін.
"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері", - деген еді Бекшин.