Қазақстанда бизнесті тексеру саны азайды

0
81

Қазақстанның Бас прокуратурасының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 9 айында шамамен 70 мың тексеру тіркелген.


Қазақстанда бизнесті тексеру саны азайды

ERNUR.KZ. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға төмен. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев мәлімдеді.

Спикер атап өткендей, 2024 жылы бизнес жүргізетін есептердің тізімі 381-ден 192-ге дейін қысқартылды. Атап айтқанда, 95 қызмет түрінің ішінде 21 қызмет саласында бизнес есептілігі толықтай алынып тасталды.

«Яғни әрбір бесінші бизнес түрі артық есептіліктен босатылды», — деп нақтылады вице-министр.

Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері мемлекеттік органдар бірлесіп әзірлейтін салалық тәуекелдерді бағалау және басқару жүйелерін бекіту барысында «таза парақтан реттеу» қағидатына сәйкес келмейтін 23 бақылау саласындағы 250 талап алынып тасталды.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Бизнестің цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл жүйе бизнеске мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету кезінде «бір терезе» қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді.

2025 жылдың сәуірінде «EGov Business» мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы іске қосылды. Қазіргі кезде қосымша арқылы «EGov.kz» порталының шамамен 30 электрондық қызметі, соның ішінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды тіркеу функциялары қолжетімді. 2025 жылдың басынан бері ұсынылған қызметтердің жалпы саны 3,6 млн-нан асты, ал пайдаланушылар саны 80 мыңға жуықтады.

«EGov Business» платформасымен мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін барлық жүйелердің интеграциясын аяқтау және мемлекеттік қолдау шаралары модулін автоматты түрде толықтыру қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.