Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Ольга Николаева гендерлік теңдік саласындағы проблемаларды атады.
ERNUR.KZ. Қазақстанда әйелдердің 10%-ға жуығы жұбайына экономикалық тұрғыда тәуелді, деп жазады baq.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Ольга Николаева гендерлік теңдік саласындағы проблемаларды атады.
Оның айтуынша, гендерлік теңдік саласында әлі де бірқатар проблема бар.
Қоғамдағы әйелдерге қатысты қалыптасқан таптаурындар олардың мансап жолында орта деңгейден жоғары көтерілуіне кедергі келтіретін «стеклянный потолоктың» (шыны төбе) қалыптасуына әсер етеді. Бұл жүйе әйелдердің мансап жолында өрлеуіне, саяси және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуіне, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесіне қатысып, түрлі салада әйелдердің өзін-өзі дамытуына кедергі келтіреді, - деп түсіндірді Ольга Николаева.
Сонымен қатар спикердің сөзіне қарағанда, Қазақстанда әйелдердің кәсіпкерлік саладағы белсенділігінің төмен деңгейі байқалады.
Онымен қоса, гендерлік алшақтық бойынша ерлердің орташа жалақысы әйелдерге қарағанда жоғарылау, басшы лауазымдарындағы әйелдердің саны аз. Сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлікті қолдауға байланысты мемлекеттік шаралар туралы біле бермейді. Ресми немесе азаматтық некеде тұратын әйелдердің 10%-ға жуығы жұбайына экономикалық тұрғыда тәуелді, - дейді ол.
Жаппай сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, әйелдердің 47,3%-ының өз ісін ашып, бизнеспен айналысқысы келеді. Әйелдердің кәсіп ашуына кедергі келтіретін ең көп таралған себептер: қаржының жетіспеушілігі (64,7%), тәжірибенің, білімнің болмауы (33%) және қорқыныш (22,4%).