Қазақстанда газ бағасы күрт өсті

0
185

Биыл жеті айда елімізде 14,8 миллиард текше метр газ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға аз.


Қазақстанда газ бағасы күрт өсті

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ Қазақстанда қаңтар-шілде айларында табиғи газ өндірісі 10%-дан астам қысқарғанына қарамастан, халық үшін газ бағасы бір жыл ішінде 27,7%-ға көтерілді, деп жазады Stan.kz.

«Павлодар қаласы тұрғынының облыс прокуратурасының қызметкері жасаған алаяқтық фактісі бойынша арызына сәйкес жедел-тергеу іс шаралары жүргізіліп жатыр», - деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.

Биыл жеті айда елімізде 14,8 миллиард текше метр газ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға аз. Өндірілген газдың басым бөлігі – 93%-ы Батыс Қазақстан облысына тиесілі.

Импорт көлемі 2,3 есеге өсіп, 4,2 миллиард текше метрге жетті. Осылайша, тұтынылған газдың 44,6%-ы импорттан қамтамасыз етілді.

Сарапшылардың айтуынша, тамыз айында халық үшін газ бағасы бір айда 21%-ға, жыл басынан бері 26,9%-ға, ал соңғы бір жылда 27,7%-ға өскен. Ең үлкен баға өсімі Атырау облысында байқалды – бір жыл ішінде газ бағасы 70%-ға көтерілген.

Қазақстанның табиғи газ өндіру бойынша әлемдік рейтингінде 49 елдің ішінде 25-орынға тұрақтады. 2024 жылы республикада 29,7 миллиард текше метр газ өндірілген, бұл әлемдік қордың тек 0,7%-ына шамалас.

Салыстыру үшін, АҚШ 1 триллион, Ресей 629,9 миллиард, ал Иран 262,9 миллиард текше метр газ өндірумен әлемдік көшбасшылар қатарына кіреді.