Құжат 2 желтоқсанда жарияланған, қоғамдық талқылау 2022 жылдың 19 желтоқсанына дейін жалғасады.
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінде Әкімшілік полиция комитеті мен Көші-қон қызметі комитеті таратуды ұсынылды. Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланған, деп жазады tengrinews.kz.
"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Әкімшілік полиция комитеті мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Көші-қон қызметі комитеті мемлекеттік мекемесі таратылсын", - делінген хабарламада.
Құжат 2 желтоқсанда жарияланған, қоғамдық талқылау 2022 жылдың 19 желтоқсанына дейін жалғасады.
Құжаттағы деректерге сәйкес, комитет төрағалары мен олардың орынбасарларының еңбекақы төлеу санаты мен шекті арнаулы атақтары өзгеріссіз қалады - Әкімшілік полиция комитеті, Көші-қон қызметі комитеті.