Қазақстанда интернет алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

0
86

Қазақстанда кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды.


Қазақстанда интернет алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

ERNUR.KZ. Енді қаскөйлер азаматтардың телефон нөміріне интернет-дүкендердің атынан промокоды бар хабарлама жібереді екен, деп жазады Stan.kz.


Әдетте хабарламада тосынсый ұтып алуға болатын сілтемелер көрсетіледі. Ал азаматтар жалған сайтқа кіргенде зиянды қосымшаны жүктеуді немесе жеке деректерін енгізуді сұрауы мүмкін.

Мамандар күдікті сайттарға өтіп, ұялы телефонға тексерілмеген қосымша жүктемеуге кеңес береді.