Қазақстанда қандас мәртебесін беру тәртібіне өзгеріс енеді

0
782

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.


Қазақстанда қандас мәртебесін беру тәртібіне өзгеріс енеді

ERNUR.KZ. «Қандас мәртебесін беру туралы өтініш Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы, «Құтты мекен» АЖ мобильдік қосымшасы арқылы берілетін болса, енді бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы да жүзеге асады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі не Мемлекеттік корпорация арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде жалпы тәртіппен мәртебе және мәртебе алу үшін:

  • өмірбаян (еркін нысанда);
  • өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен (туу туралы куәліктер, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе үміткерлердің ұлтын растайтын этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарының басқа да ресми құжаттары);
  • өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянын қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.

2. Мәртебені ұзарту үшін:

  • өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтініш береді.

3. Қандас куәлігінің телнұсқасын және қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімді беру:

  • өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
  • Өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
«Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері өтініш берушілердің құжаттар топтамасын алған күннен кейін он жұмыс күні ішінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы айыптаушы мәліметтердің және оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың болуы немесе болмауы туралы ақпарат жібереді», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжат мәтінінде.