Қазақстанда қанша қария қарттар үйінде тұрады

0
817

Тіркелген ұйымдардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында – 31 бірлік, ең азы Ұлытау облысында – 3.


Қазақстанда қанша қария қарттар үйінде тұрады

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросы еліміздегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар туралы мәліметтерді жариялады, деп жазады ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылдың соңында Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 281 ұйым (2021 жылы – 272 бірлік) болды, оның ішінде стационарлық үлгідегі 172 ұйым, жартылай стационар – 75, уақытша қабылдайтындар – 31, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірнеше шарттары бар 3 ұйым бар.

Тіркелген ұйымдардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында – 31 бірлік, ең азы Ұлытау облысында – 3.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың жалпы саны

“2022 жылдың соңында осы ұйымдарда тұратындардың саны 40 321 адамды құрады, оның ішінде зейнет жасындағылар – 13 624 адам (33,8%), Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 14 адам (0,03%)”, – делінген хабарламада.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда тұратындардың негізгі контингенті – мүгедектігі бар адамдар. Олардың саны – 24 724 адам немесе қызмет алушылардың жалпы санының 61,3%-ы.

Айта кетейік, 245 мекеме мемлекеттік меншікте болса, 36-сы жеке меншікте (оның ішінде шетелдік меншікте – 4).

Бүгінде Қазақстанда қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған 48 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, онда 5 756 адам тұрады. 2021 жылы 53 қарттар үйі жұмыс істеді, онда 7 321 адам тұрды.