Қазақстанда қант өндірісі күрт төмендеді

0
1 872

Осы жылдың 8 айында 69,3 тонна қант өндірілген


Қазақстанда қант өндірісі күрт төмендеді

ERNUR.KZ. Отандық қант өндірісінің көрсеткіші көңіл көншітпейді. Жарты жылдық есептің сандарына көз жүгіртсек, нарықтағы қанттың 85 пайызы импорттық өнім. Яғни, 238,9 мың тонна қант шет елдерден тасымалданған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында республика бойынша 69,3 тонна қант өндірілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,3 есеге төмен. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 161,5 тоннаны құраған болса, алдыңғы жылы өнім 7,4 есеге көп болған. Сондай-ақ, биылғы жеті ай ішіндегі өндірістің 98,3 пайызы тек Жамбыл және Алматы облыстарына тиесілі.

Тамыз айында тәттінің бағасы еліміз бойынша дүкендер мен базарларда орта есеппен, 211,3 теңгені құрады. Бұл былтырғы бағамен салыстырғанда 9,1 пайызға арзан.