Қазақстанда кәсіпорын басшылары 14 мың жұмысшыға 3 миллиард теңге қарыз болып қалған

0
439

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.


Қазақстанда кәсіпорын басшылары 14 мың жұмысшыға 3 миллиард теңге қарыз болып қалған

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың құқығы қалай қорғалып жатқанын айтты, деп жазады Stan.kz.

1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмысшы алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден астам жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

"Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 2 млрд 850 млн теңге төленді", - деді еңбек министрлігі.