Қазақстанда керосиннің қымбаттауына байланысты әуе билеттерінің де бағасы өсуі мүмкін

0
534

Соңғы кезде көрші елдердегі ахуалға байланысты Қазақстан арқылы қатынас ұлғайған.


Қазақстанда керосиннің қымбаттауына байланысты әуе билеттерінің де бағасы өсуі мүмкін

ERNUR.KZ. Елімізде керосин бағасының өсуіне байланысты әуе қатынасы дағдарысқа түсуі мүмкін. Ал елдегі үш мұнай өңдеу зауыты беретін жанармай бір айлық тұтынудың жартысын да жаппайды екен. Импортпен алынатын керосиннің тоннасы 800 мың теңгеден асып барады, дегенмен керосин тұтыну едәуір артқан, деп жазады Stan.kz.

Соңғы кезде көрші елдердегі ахуалға байланысты Қазақстан арқылы қатынас ұлғайған. Елдегі мұнай өңдеу зауыттары сұранысты жаппайтын жағдайға түсті. Ресейден жеткізілетін жанармайдың құны аспандап кеткен. Соның салдарынан елдегі әуежайлар қолда бар керосиннің 10-15 күнге жетерлік қоры ғана қалды деп дабыл қақты. Ендігі импорттан алатын қымбат керосинді өтеу үшін әуе билеттері міндетті түрде қымбаттайды. Тіпті кей жерде көптеген халықаралық рейстерді қамтамасыз етуден бас тартуға да тура келуі мүмкін. Өйткені керосин жетіспей қалу қаупі бар.

“Бұның бәрі тұтынушыларымыздың қалтасына ауыртпалық түсіреді. Мейлі жолаушы болсын, мейлі жүк тасымалы компаниялары болсын. Баға өседі. Жанар-жағармай бағасын тұрақтандыруға жүйелі бағдарлама керек. Мемлекетіміз мұндай құбылысты болжау керек еді”, – деді "Сарыарқа" халықаралық әуежайының қаржы-экономика директоры Ерлан Болат