Қазақстанда халықтан ұсыныстар жинау платформасы іске қосылады

0
742

Ұсыныстарды жинау осы жылдың 1 тамызына дейін жалғасады


Қазақстанда халықтан ұсыныстар жинау платформасы іске қосылады

ERNUR.KZ. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына арналған электрондық платформа Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында құрылады, деп жазады Azattyq Ruhy.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, жобаны іске асыру шеңберінде АБҚО ресми сайтында қазақстандықтарға өзекті мәселелерді шешу бойынша өтініштер мен ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін «Birgemiz» краудсорсингтік платформасын іске қосады.

Ұсыныстарды жинау осы жылдың 1 тамызына дейін жалғасады. Бұдан әрі халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келетін ұсыныстар егжей-тегжейлі талданып, мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.