Қазақстанда Киберспортты дамыту академиясын құру жоспарда бар

0
113

Астанада фиджитал тұжырымдамасындағы «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирі өткізілгеннен кейін 2026 жылы Киберспортты дамыту академиясын құру жоспарланған.


Қазақстанда Киберспортты дамыту академиясын құру жоспарда бар

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан «Болашақ ойындары» сынды халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыра отырып, оларды өткізуге ғана емес, сонымен қатар белгілі бір мұра қалдыруға тырысады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.

Астанада фиджитал тұжырымдамасындағы «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирі өткізілгеннен кейін 2026 жылы Киберспортты дамыту академиясын құру жоспарланған.
«Киберспортқа бүкіл әлем назар аударады. Қазақстанда көптеген жыл бойы осы бағытты белсенді дамытып келе жатқан Киберспорт Федерациясы жұмыс істеп келеді. Жастар да осы спорт түрімен айналысады. Мұндай спорттық-бұқаралық іс-шаралардың үлкен коммерциялық әлеуеті бар. Біріншіден, спортшыларға арналған үлкен жүлде қоры. Екіншіден, мұндай іс-шараларды өткізу мультипликативті әсер етеді. Біздің міндетіміз – әлемдік үрдістен қалыс қалмау және барлық халықаралық спорт ареналарына қатысу», – деді Серік Жарасбаев.

«Болашақ ойындарының» бюджеті мен жүлде қорына келетін болсақ, 10 млн доллар 13 дисциплина бойынша біркелкі бөлінеді.

«Бұл ретте неғұрлым праймдық дисциплиналар бар, яғни олар үшін бюджет жоғарырақ болады және бюджеті сәл азырақ дисциплиналар бар», — деп толықтырды «Қазспортинвест» АҚ президенті Әлібек Хасенов.

Бюджет пен жүлде қоры демеушілік қаражат есебінен қалыптастырылады. Бүгінгі таңда демеушілерді тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.