Қазақстанда кілем өндірісі төмендеді

0
756

Шетелден әкелінген өнімдердің нарықтағы үлесі 73,3% құрады.


Қазақстанда кілем өндірісі төмендеді

ERNUR.KZ. 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында кілем мен кілем өнімдерінің өндіріс көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% төмендеді, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында қазақстандық кәсіпорындар 2,7 млн м2 кілем өнімін шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3,6 млн м2 өнім өндірілген.

Бұл ретте аталған өнімдердің импорты 3,5% қысқарды. Мәселен, жоғарыда аталған кезеңде 7,4 млн м2 астам өнім импортталды. Шетелден әкелінген өнімдердің нарықтағы үлесі 73,3% құрады.

Осы ретте, бірінші жарты жылдың ішінде экспорт қарқыны 52,4% өскен, шетелге 334,1 мың м2 кілем өнімі жөнелтілді.

Алты айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта барлығы 9,8 млн м2 кілем мен кілем өнімі сатылған.