"Бұл ашықтыққа әкеп соғады", - дейді кино маманы.
ERNUR.KZ. Бірыңғай жүйе болмаса, кино нарықта салықты нақты төлемейтін "көлеңкелі" бизнес жасайтын кинотеатрлар бар, деп жазады baq.kz.
Кино маманы Гүлнәр Сәрсенова қазір елімізде прокаттағы кино билеттерінің сатылымын бақылайтын арнайы бірыңғай жүйе енгізу керегін атап өтті.
Бізге Қазақстан территориясында міндетті бірыңғай кино билет жүйесін енгізу керек. Енгізу үшін көп шаруа бітірдік. Бұл дегеніңіз не? Бұл – еліміздегі барлық кинотеатрлардағы билеттер мен келушілердің автоматтандырылған мотиторинг жүйесі. Бұл ашықтыққа әкеп соғады. Жасыратыны жоқ. Қазір еліміздегі кинотеатрлардың жартысы "қара жұмыс" істейді. Олар нақты деректерді бермейді. Бұл салықтан жалтару деген сияқты. Сөйтіп фильмдерді қанша көрермен тамашалаған санын жасырады. Қанша дегенмен кино – үлкен бизнес. Себебі өткен жылы кинотеатрларға келген адамдардың сатылған билеттерден ресми түрде 20 млрд теңге түсті. Бұл – ресми түрде түскен сатылым ақшасы. "Жасырынып" қалғанын айтпағанда. Бұдан басқа бізде Қазақстанда қандай кинолар түсіру керек және қандай фильмдерді прокатқа шығару керек деген жақсы білмейді. Көбіне бізде билет сатылымы мен прокаттан түстен табыстың ашықтығы жекеменшік инвесторлар үшін. Қазір қазақстандық кинопрокатқа шығатын кинолардың 20% ғана мемлекет қаржыландырады. Қалған 80% жеке кәсіпкерлердің қаржысына түсіріледі. Көптеген инвестор кино түсіруге қаржы құйғысы келеді. Бірақ нарық "таза" болмағандықтан, қолдау бермейді, - деді "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" ҚЕАҚ Басқармасының төрайымы Гүлнәр Сәрсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.