Қазақстанда көлікті 5 минуттан ұзақ қыздырудың алғашқы айыппұлы тіркелді

0
333


Қазақстанда көлікті 5 минуттан ұзақ қыздырудың алғашқы айыппұлы тіркелді

Елімізде көшеде көлікті бес минуттан астам уақыт қыздырғаны үшін алғашқы айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


Құқық бұзушы Петропавл қаласының Алтынбек есімді тұрғыны болып шықты. Ол әлеуметтік желі арқылы болған жайды баяндап, мұндай заң талабын қайта қарауды ұсынды.

“Автоқосу жүйесі арқылы көлігімді оталдырдым. Машинам шамамен 10 минуттай қыздырылды. Содан кейін үйден шыққалы жатқанымда полицейлер хабарласып, көлікке келуімді өтінді.
Кездескенде олар маған менің көлікті ұзақ уақыт қыздырып, ауаны ластағаным туралы 102-ге хабар түскенін жеткізді”, дейді Алтынбек.

Полицейлердің айтуынша, заң бұзушылыққа дәлел болатын айғақтық материалды – көліктің іске қосылғаны бастан-аяқ түсірілген видеоны көрші әйел ұсынған екен.

“Мен бұл норманы алдағы уақытта қайта қарайды деген үміттемін. Себебі біздің климаттық жағдайда бұл ақылға сыймайтын нәрсе”, деп сөзін түйіндеді Петропавл тұрғыны.

Енді жүргізуші 5 АЕК – шамамен 20 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Ал өзге азаматтар солтүстіктің қатаң климатында 5 минут аздық ететінін алға тартып, көлік иесін қолдады.