Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 74 адам қайтыс болды

0
492

Елімізде 75 005 адам коронавирустан емделіп жатыр.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 74 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 74 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

22 шілдеде 225 адамнан пневмония анықталса, 10 адам осы аурудан қайтыс болған.

24 шілдедегі жағдай бойынша, 75 005 адам коронавирустан емделіп жатыр (73 091 КВИ+ және 1 914 КВИ-). Олардың ішінде 21 681 науқас ауруханада жатса, 53 324-і үй жағдайында емделуде.

  • 1 325 науқас – ауыр халде
  • 287 науқас – аса ауыр халде
  • 175 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

Айта кетейік, соңғы екі күннен бері Қазақстанда коронавирустың таралу қарқыны күрт өсіп, тәуліктік жұқтыру көрсеткіші 6 мың адамнан асып жатыр.