Ал коронавирус жұқтырғандардың саны бүгінде Қазақстанда 802-ге жетті.
Алматыда коронавирустан тоғызыншы адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. 1956 жылғы науқас", - делінген хабарламада.
Айта кетейік кеше Павлодар облысында коронавирустан бір адам көз жұмған болатын.
Науқас 1936 жылы дүниеге келген. Марқұм - Павлодар қаласының тұрғыны, ол 8 сәуірде "орташа ауыр деңгейдегі ауруханадан тыс полисегментарлық пневмония, ӨОСА" диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ер адамның коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті. Ер адам 2016 жылы "бронх астмасы", "өкпенің обструктив созылмалы ауруы" (ӨОСА), "жүректің ишемиялық ауруы", "үшінші дәрежедегі артериалық гипертензия" және "көкірек терісінің қатерлі ісігі" диагноздарымен есепте тұрған. Мамандардың айтуынша, бұл аурулар науқастың жағдайын нашарлатқан.
Ал коронавирус жұқтырғандардың саны бүгінде Қазақстанда 802-ге жетті.