Тәулік ішінде жұқтырғандар саны бойынша Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.
Қазақстанда өткен тәулікте 712 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 67
Алматы қаласы - 67
Шымкент қаласы - 2
Ақмола облысы - 60
Ақтөбе облысы - 10
Алматы облысы - 28
Атырау облысы - 29
Шығыс Қазақстан облысы - 100
Жамбыл облысы - 16
Батыс Қазақстан облысы - 43
Қарағанды облысы - 28
Қостанай облысы - 77
Қызылорда облысы - 2
Маңғыстау облысы - 5
Павлодар облысы - 106
Солтүстік Қазақстан облысы - 68
Түркістан облысы - 4
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 136983 адам.


