ERNUR.KZ. Үкімет криптобанктерді ашу мәселесін зерделеуге кірісті, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде министрлер кабинеті цифрлық активтер бойынша түзетулер пакетін дайындап қойды. Соның аясында криптобанктерді ашу мәселесі де талқыға салынады. Себебі ондай қаржы институттары цифрлық нарықтың жаңа қатысушыларын тартып қана қоймай, цифрлық активтер бойынша операциялардың ашықтығын да қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ криптобанктер осы саладағы жобаларды дамытуға мүмкіндік береді. Комплаенс, блокчейн-талдау мен AML мамандарына сұраныс аратды.
"Осыған байланысты үкімет Қазақстан Республикасының аймағында тұрақты экожүйені қалыптастыруда шешуші рөл атқара алатын криптобанктерді ашу әлеуетін қарастырып жатыр", - деді премьер Бектенов мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.
Оның сөзіне қарағанда халықаралық тәжірибе негізінде қаржылық реттеу шаралары да болуы керек.
Үкімет криптобанктер нарығындағы қаржының көлемін де есептеп шыққан. 2024 жылы 5,29 млрд доллар болды. 2034 жылға қарай оның көлемі 63,15 млрд долларға дейін өседі деген болжам бар. Ал цифрлық активтердің жалпы саудасы бір жылдың ішінде 134 процентке өсіп, 2024 жылы 18,83 трлн АҚШ долларын құрады.