Қазақстанда күн сайын 4 адам колоректальды қатерлі ісіктен қайтыс болады – бас онколог

0
2 096

ДДСҰ-ның мәліметі бойынша 2020 жылы 2 миллиондай адамнан аталмыш дерт анықталған.


Қазақстанда күн сайын 4 адам колоректальды қатерлі ісіктен қайтыс болады – бас онколог

ERNUR.KZ. Бұл туралы COVID-19 пандемиясындағы колоректальды қатерлі ісік жағдайына арналған онлайн-баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова айтты, деп жазады baq.kz.


Оның сөзінше, наурыз айы тұтас әлемде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (ДДСҰ) колоректальды қатерлі ісік жайында ақпарат беру айы болып саналады.

ДДСҰ-ның мәліметі бойынша 2020 жылы 2 миллиондай адамнан аталмыш дерт анықталған. Оның 55%-ы ерлер болса, 44%-ы әйелдер. Колоректальды қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіші жоғары. Әлем бойынша жыл сайын колоректальды қатерлі ісіктен 5 миллиондай адам көз жұмады екен. 2030 жылға қарай сырқаттанушылар саны 77%-ға, ал өлім-жітім көлемі 80%-ға артады деп болжануда, - деді ол.
Диляра Қайдарова Қазақстан онкоаурулар құрылымында колоректальды қатерлі ісікке шалдыққандар саны бойынша үшінші орында тұрғанын айтты.
Бір қынжылтатыны, соңғы 5 жыл ішінде колоректальды қатерлі ісікке шалдыққандар көрсеткіші бесінші орыннан үшінші орынға түскен. 2020 жылы 3117 науқас анықталған және бұл көрсеткіш әйелдер мен ерлер арасында бірдей тіркелген. Ал осы жылы аталмыш дерттен болған өлім-жітім саны - 1504. Біз есептей келе, Қазақстанда күн сайын 4 адам колоректальды қатерлі ісіктен қайтыс болатынын анықтадық, - деді ол.