Қазақстанда құс өнімдері қымбаттауы мүмкін

0
836

Теңгенің әлсіреуіне байланысты шаруа қожалықтары негізгі шикізат өнімдерінің бағасын өсірген.


Қазақстанда құс өнімдері қымбаттауы мүмкін

ERNUR.KZ. Елімізде құс өнімдері 25 процентке қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко хабарлады. Оның айтуынша, теңгенің әлсіреуіне байланысты шаруа қожалықтары негізгі шикізат өнімдерінің бағасын өсірген. Мысалы, жарты ай бұрын бидайдың тоннасы 70 мың теңге болса, қазір 85 мың теңгеге сатылып жатыр. Бұл құс өнімінің қымбаттауына алып келді. Өздеріңіз білетіндей, мемлекет саланы субсидиялауды тоқтатпақ. Қауымдастық төрағасы жұмыртқа бағасының әлі де қымбаттайтынын болжап отыр.

– Өндіріс үшін сырттан сатып алып отырған премикс, дәрумен, вакцина, басқа да жабдықтардың бәрі қымбаттады. Мұның өзі бағаға әсер етеді. Яғни өндірушілер теңге бағамының әлсіреуіне байланысты шығынның орнын толтыру үшін өнім құнын өсіруге мәжбүр болады, - дейді жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко.