Бағдарға сәйкес, іздеудегі ер адам биыл 71 жасқа толады.
Фото: qamqor.gov.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанда шетелдік азамат Алесандрс Макейчикске іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.
Бағдарға сәйкес, іздеудегі ер адам биыл 71 жасқа толады. Іздестіру ісі 5 маусымда Қостанай облысында тіркелді. Макейчиксті іздеумен жергілікті полиция департаменті айналысып жатыр.
Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне Алесандрс Макейчикс Латвия азаматы екенін хабарлады.
"Бұл азаматқа қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта оның жүрген жерін анықтауға және заңда көзделген шараларды қабылдауға бағытталған қажетті іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - деп мәлімдеді департамент.
qamqor.gov.kz сайтынан алынған скриншот


