Өңірлер кадр тапшылығы барынша өткір сезілетін елді мекендерге мамандарды тарту үшін ынталандыру шаралары белсенді түрде енгізіп жатыр.
ERNUR.KZ. 2025 жылдың 10 айында әлеуметтік қолдау шараларымен 1326 дәрігер, оның 801-і ауылдық жерлерде қамтылды. Ең тиімді мысалдардың бірі – Жетісу облысы, онда ауылға келген дәрігерлерге 10 млн теңгеден төленеді. Бұл өңірдің кадрлық тұрақтылығын едәуір күшейтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Өңірлер кадр тапшылығы барынша өткір сезілетін елді мекендерге мамандарды тарту үшін ынталандыру шаралары белсенді түрде енгізіп жатыр. Әсіресе 5 өңірде ауылдық жерлерде тапшы мамандарды қолдау бойынша жоғары төлемдер ұсынылады. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Атырау облыстарында дәрігерлерді жұмысқа орналастыру кезінде әлеуметтік көмек мөлшері 8,5 млн теңгеге жетеді.
2025 жылғы қаңтар-қазандағы қолдаудың негізгі нәтижелері:
- 417 жас маман бітіргеннен кейін бірден жұмысын бастады;
- 287 дәрігер республикалық бюджеттен көтермеақы алды;
- 866 адамға жергілікті бюджеттерден қолдау көрсетілді, оның ішінде 248 – өте тапшы мамандар;
- 106 – медициналық ұйымдар есебінен төлемдер алды;
- 571 дәрігер баспанамен қамтамасыз етілген;
- 116 қосымша қолдау шараларын алды.


