Қазақстанда медицина қызметкерлерінің тапшылығы артты

0
614

Бұған дейін Нұрлан Қатренов Қазақстанда дәрігерлерге деген сенімнің төмендегенін айтқан еді.


Қазақстанда медицина қызметкерлерінің тапшылығы артты

ERNUR.KZ. Есеп комитеті Экономиканың нақты секторының аудит департаменті директорының орынбасары Нұрлан Қатренов кейінгі бес жылда медицина кадрларының тапшылығы екі есе артқанын айтты, деп жазады zakon.kz.

"Тексеріс қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі мәселелер мен кемшіліктер анықталды. Біріншісі – медициналық кадрлар тапшылығының артуы. Кейінгі бес жылда (2017 жылдан 2021 жылға дейін) тапшылық 10 мыңнан 23 000-ға дейін екі есе өсті. Бүгінде тапшылықты жабу посттарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Қазір жиынтық комбинация коэффициенті 1,5-тен екі ставкаға дейін өзгеріп отыр. Осының барлығы медицина мамандарына үлкен салмақ түсіреді", - деп жазады Есеп комитеті Экономиканың нақты секторының аудиті департаменті директорының орынбасары Нұрлан Қатренов.

Бұл ретте ол дәрігерлерге қатысты шағымдардың көбейіп, медициналық білімі бар мамандардың шетелге кетуіне тоқталды. Катреновтың айтуынша, кейінгі бес жылда шетелге кеткен медицина мамандарының саны 5 мыңға жеткен.

Сонымен қатар ол медициналық білімі бар мамандардың қартаюына да тоқталды. Бүгінде зейнет жасындағы дәрігерлердің кәсіби белсенді саны шамамен 30%-ға жетті.

Бұған дейін Нұрлан Қатренов Қазақстанда дәрігерлерге деген сенімнің төмендегенін айтқан еді.