Қазақстанда мектептегі буллингке қарсы арнайы бағдарлама әзірленеді

0
673

Жоба келесі жылы бірнеше мектепте пилоттық режимде іске асырылмақ.


Қазақстанда мектептегі буллингке қарсы арнайы бағдарлама әзірленеді

ERNUR.KZ. Мектептегі буллингке қарсы арнайы бағдарлама әзірленеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Халықаралық зерттеу нәтижесі аясында жасалатын жоба келесі жылы бірнеше мектепте пилоттық режимде іске асырылмақ. Бұл туралы Дүниежүзілік балалар күніне арналған брифингте Оқу-ағару министрінің орынбасары Еділ Оспан айтты. Бұдан бөлек, тамызда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алуға бағытталған кешенді жоспар қабылданғанын жеткізді.

Вице-министр мұны Қазақстан мектептерінде бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шарасы екенін ерекше атап өтті. Жоба шеңберінде елдегі барлық аймақта біртіндеп пихологиялық қолдау орталықтары ашылып жатыр.