Қазақстанда отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл пайда болады

0
166

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада мәлімдеді.


Қазақстанда отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл пайда болады

Ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Қазақстанда отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл пайда болады, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада мәлімдеді.

- Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл қоғамдық лауазымын енгізу адам құқықтарының қорғалуы мен отбасы институтын күшейтетініне сенімдімін. Отбасы омбудсмені Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы Мемлекет басшысына есеп беріп отырады, – дейді президент.

Мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюмен қатар, отбасы саясатындағы басқа маңызды түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді дейді Тоқаев.