Қазақстанда пандемия салдарынан табысынан айырылғандарға өтемақы төлеу ұсынылды

0
641

Азат Перуашев зардап шеккен халыққа төлемақы төлеу мәселесін қайта қарауды сұрады.


Қазақстанда пандемия салдарынан табысынан айырылғандарға өтемақы төлеу ұсынылды

ERNUR.KZ. ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев үкіметтен коронавирус пандемиясы салдарынан жұмысынан және кірісінен айырылған азаматтарға өтемақы төлеуді сұрады, деп жазады Stan.kz.

Азат Перуашев денсаулық сақтау министрлігінің жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Оған қоса, депутат зардап шеккен халыққа төлемақы төлеу мәселесін қайта қарауды сұрады.

"Коронавирус пандемиясынан тек қана денсаулық сақтау саласы ғана емес, экономика да зардап шекті. Осы орайда пандемия салдарынан жұмысынан және табыс көздерінен айрылған азаматтарға өтемақы төлеу мәселесін пысықтауын сұраймын", - дейді Перуашев.