Қазақстанда пәтер бағасы қымбаттады

0
590

Ең арзан пәтерлер Қызылордада.


Қазақстанда пәтер бағасы қымбаттады

ERNUR.KZ. 2020 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда Қазақстанда пәтер құны 13% өскен. Krisha.kz сарапшылары сайттағы бағаларды талдап, осындай тұжырым жасауда, деп жазады baq.kz.

Жалпы еліміздің басым бөлігінде жылжымайтын мүлік қымбаттады.

Ең арзан пәтерлер Қызылордада. Ондағы жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі - 150 мың теңге.

Елордада жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі жыл басынан бері 5,7% қымбаттады. Ал Алматыда 7%, Қызылордада 9,5% бір-ақ көтерілген. Ұсыныс пен сұранысты салыстырған Krisha.kz сайты осындай деректер келтірді. Коронавирус пандемиясы мен карантиндік шектеулерге қарамастан баспана бағасы бүкіл ел аумағында шарықтап кетті. Өңірлердің басым бөлігіндегі бір шаршы метр құны қымбаттаған. Өсім 10% асады. Әсіресе, Қостанайда, Ақтөбе, Көкшетау және Орал өңірлерінде жыл басынан бері баға өскен. Ал қыркүйекте республика бойынша жылжымайтын мүлік құны 3,7% қымбаттады.

Баспана бағасына не әсер етеді?

Сарапшылар, «5-10-20» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламаларының талаптарына сәйкес келетін жобалардың жетіспеушілігі қазіргі бағаларды уақытша сақтауға көмектеседі деген пікірде. Бірақ бұған қарамастан, жаңа баспаналардың құны алдағы уақытта тағы 10% көтерілуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, бағаның өсуіне құрылыс қарқынының төмендеуі әсер етеді. Тағы бір себеп, дағдарысқа байланысты құрылыс компанияларының саны азайып, жаңадан салынған үйлердің көлемі кемиді.

Нарықтағы баға

Қостанайда баспананың бір шаршы метрі 241 мың теңгеден жоғары. Петропавлда 277 мың теңгеден асады. Өскемендегі жылжымайтын мүліктің шаршы метрі орта есеппен 275 мың теңгеден басталады. Ал Тараздағы тұрғын-үй нарығында бір шаршы метр құны 205 мың теңге төңірегінде. Ал Ақтөбе 171 мың теңгеден жоғары. Нұр-Сұлтандағы пәтерлердің бір шаршы метрі 357 мың теңгеден сатылпады. Ең қымбат пәтерлер Алматыда, бір шаршы метр құны 450 мың теңге.

Қазан айында Қытай экспорты 11,4% өсті

Қытай экономикасы жоғары қарқынмен қалпына келуде. Қазан айында ондағы экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 11% өсіп, сарапшылардың болжамынан да асып түсті. Импорт жылдық есеппен 4,7% көтерілді. Бұл қыркүйек айымен салыстырғанда баяу. Қытайдың АҚШ-пен сауда байланысының оң сальдосы өткен айда 31 млрд долларға дейін өсті. Жаһандық COVID-19 пандемиясы кезеңінде Қытай экспорты айтарлықтай тұрақты деңгейде қалды. Бұл тұста медициналық тауарларға сұраныстың жоғары болуы және басқа елдердегі өндірістік қуаттылықтың төмендеуі Қытайға тиімді болды. Бейне ойындар нарығы қарқынды дамуда 2020 жылдан 2024 жылға дейін жаһандық бейне ойындар нарығы қарқынды дамиды. Ал орташа жылдық өсім 12% құрайды. TechNavio сарапшылары осындай болжам жасады. Биыл бейне ойындар нарығы жылдық есеппен 9% өседі. Ал келесі төрт жылда жалпы өсім шамамен 119 миллиард долларды құрайды деп болжануда. Сарапшылар мобильді бейне ойындардың кең таралуы нарықтың дамуына айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ виртуалды шындық технологияларын қолданатын ойындар салаға оң әсер етеді. Есеп авторлары Pokemon GO бейне ойынын саладағы сәтті жобаның мысалы ретінде атап өтті.