2023 жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдеріне 20 000 тонна мөлшерінде пиязды әкетуге шектеу енгізілген.
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі пияз экспортына салынған тыйымның алынғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Сонымен қатар 2023 жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдеріне 20 000 тонна мөлшерінде пиязды әкетуге шектеу енгізілген.
"Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауарларды әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол жиынтығында 500 тоннадан аспайды", – делінген хабарламада.