Қазақстанда "Рамстор" дүкендер желісі жабылып жатыр

0
662

Сатып алушылар дүкенде жиналған бонусын жыл соңына дейін пайдалануы керек.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. "Рамстор" супермаркеттер желісінің құрылтайшысы Қазақстандағы дүкендерді жабу туралы шешім шығарды. Тек Алматыдағы Ramstore All In жабылмайды. Migros Ticaret A.Ş. компаниясының жоспары туралы Ыстамбұл қор биржасында айтылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 2020 жылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша компанияның жиынтық сатылымының шамамен 0,8 пайызын "Рамстор Қазақстан" әкеледі екен.

"Компанияның өсім және нарықтағы жағдайға шоғырлану стратегиясына байланысты "Рамстор Қазақстан" бөлшек операцияларын қайта бағаладық. Қазақстанда жұмыс істейтін бір дүкенді беру және алты дүкенді жалға беру, сондай-ақ бұл дүкендердегі жабдықтар мен тауар қорын сату туралы келіссөздар басталды. Аталған дүкендерді беруді елдің монополияға қарсы органы растау керек", - деді құрылтайшы.

Сатып алушылар дүкенде жиналған бонусын жыл соңына дейін пайдалануы керек. Сонымен қатар, дүкеннің үш түрлі картасы бойынша жеңілдіктер тоқтатылған.