Қазақстанда резонанстық тұтынушылық істердің есебі жүргізілуде

0
84

Бұл туралы ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов хабарлады.


Қазақстанда резонанстық тұтынушылық істердің есебі жүргізілуде

ERNUR.KZ. Құқықтық сауаттылықты арттыру үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы резонанстық істердің есебі жүргізіледі. Мұндай істер үш негізгі критерий бойынша айқындалады: шығын сомасы 5 млн теңгеден астам, бір мәселе бойынша бес және одан да көп тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары жаппай бұзылған жағдайда тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау мақсатында сотқа талап қою.

«Осы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша «тұтынушыларға кемінде 5 млн теңге қайтарылған қаражат сомасы» критерийі бойынша жалпы сомасы 190 млн теңгеге 18 тұтынушының (қайтару, айырбастау, ауыстыру) құқықтары қорғалды. Ал «Бір мәселе бойынша құқықтары қорғалған тұтынушылар саны – 5 және одан көп» критерийі бойынша 6 резонанстық іс қаралып, 31 тұтынушының құқықтары қорғалдып, 4,2 млн теңге өтелді. Сонымен қатар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайда бір мәселе бойынша тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау жөніндегі сотқа жүгіну» критерийі бойынша 3 резонанстық іс бойынша 1,8 млн теңге сомасына 44 тұтынушының құқықтары қорғалды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.