Бүгінде Алматы қаласынан басқа сейсмикалық белсенді аймақтарда орналасқан ірі шаһарларда қауіпті анықтайтын бірде-бір заманауи құрылғы жоқ.
ERNUR.KZ. Қазақстанда сейсмикалық қауіпті сапалы болжау үшін ел бойынша 285 сейсмостанция мен 11 биостационар қажет. Бұл мәселе Ашық НҚА порталында жарияланған Қазақстанда сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көтерілген, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазір сейсмикалық аудандарда жұмыс істеп тұрған станциялар мен биостационарлардың саны аз. Тиісінше, ол бағалау және тәуекелді анықтау бойынша қойылған міндерттерді орындауға мүмкіндік бермейді. Мәселен, сейсмикалық бақылауды «СТӘЭ» ЖШС-нің 69 сейсмологиялық станциясы жүргізеді. Оның алтауы істен шыққан. Бүгінде станциялар Алматы, Шымкент қалалары мен 12 облыстың аумағында бар», - деген деректер келтірілген кешенді жоспарда.
Бүгінде Алматы қаласынан басқа сейсмикалық белсенді аймақтарда орналасқан ірі шаһарларда қауіпті анықтайтын бірде-бір заманауи құрылғы жоқ.
«Мамандардың есебіне сәйкес, сейсмикалық қауіпті сапалы болжау және оның алдын алу үшін республиканың бүкіл аумағында қосымша 285 сейсмостанция мен 11 биостационар қою қажет», - деп мәселені шешуге бағытталған ұсыныс жазылған құжатта.