Бұл болашақта жерді фитосанитариялық өңдеуді дәлірек жүргізуге мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Қазақстан мен ФАО шегірткелермен бірлесіп күресу жөнінде келісті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Римдегі жұмыс сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) халықаралық шегірткеге қарсы орталығына барды. Орталық алаңында зиянкестермен күрес саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
«Атап айтқанда, дрондарды пайдалана отырып, жәндіктерді анықтау аумақтарының мониторингін енгізу туралы болды. Бұл болашақта жерді фитосанитариялық өңдеуді дәлірек жүргізуге мүмкіндік береді», - делінген министрлік хабарламасында.
АШМ басшысы сондай-ақ Еуразия өңіріндегі табын зиянкестерімен күрес мәселелерін неғұрлым жедел және тиімді шешуге жәрдемдесетін ФАО-ның шегірткелер жөніндегі тұрақты комиссиясын құру идеясын қолдады.
Айта кетейік, Австралия мен Марокко шегірткелермен күресудің озық тәжірибесіне ие. Ербол Қарашөкеев министрліктің қазақстандық мамандарды Мароккоға оқуға жіберу жоспары барын хабарлады, сондай-ақ ведомствода тәжірибе алмасу үшін марокколық сарапшыларды біздің елге шақыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.