Кәсіпкерлердің айтуынша, енді аудио және бейнематериал қосылатын әр құрылғы үшін оның өндірушісі мен импорттаушысы тауар бағасының 0,7 пайызын беруі керек.
ERNUR.KZ. Қазақстанда цифрлық техника сатылатын дүкендерде аудио және бейнетехника қымбаттайды, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл авторлық сыйақы беру бойынша қаулыда сыйақы төлемін орнатуға байланысты. Аудиобейнетехникалардың бағасы өсуі мүмкін екені Алматыдағы брифинг кезінде белгілі болды. Кәсіпкерлер палатасына жүгінген бизнесмендер заңнамадағы өзгерістерге сүйеніп отыр.
Кәсіпкерлердің айтуынша, енді аудио және бейнематериал қосылатын әр құрылғы үшін оның өндірушісі мен импорттаушысы тауар бағасының 0,7 пайызын беруі керек. Қазақстанда автордың келісімінсіз жеке мақсатта фонограмма қосу жайлы қаулыдағы өзгеріске байланысты авторлық сыйақының минимал төлемі осындай.
"Бұған дейін Қазақстанда авторлық жинау болмайтын. Бәрі шарттық негіз бойынша. Төлем болмады. Техника бағалары әзірше өскен жоқ, бірақ авторлық төлем салығы салынатын базаға енген тауарлар тізімі қабылданғаннан кейін өседі. Үкімет қаулысын қайтару немесе тоқтата тұруды қалаймыз", - деді қазақстандық сауда-саттық компаниялары, электр-компьютерлік және тұрмыстық техникалар мен күрделі техникалық жүйелерді өндірушілер қауымдастығының (КАТЭКС) төрағасы Сергей Архипкин.
Салық салынатын тауарлардың алдын ала тізіміне ұялы телефондар, теледидарлар, ноутбуктер, компьютерлер енеді. Себебі бұл құрылғыларда авторлық контент ойнатылуы мүмкін. Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, авторлық құқық төлемі мынадай пропорциямен бөлінеді: қырық пайызы - авторларға, отыз пайызы - орындаушыларға, отыз пайызы - фонограмма өндірушілеріне.
Баспасөз мәслихатының соңында заңға өзгерістер мен ұсыныстарын енгізетін жұмыс тобын құруға шешім қабылданды. Ал Әділет министрлігіндегілер кәсіпкерлермен ашық диалог жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.