Қазақстанда сотталғандар үшін тағы бір тыйым енгізіледі

0
174

Депутаттар заң жобасын мақұлдап, оны Сенаттың қарауына жіберді.


Қазақстанда сотталғандар үшін тағы бір тыйым енгізіледі

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда бостандығы шектелген немесе шартты түрде сотталған адамдарға тағы бір тыйым енгізіледі. Тиісті түзетулер бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдаған, денсаулық сақтау саласындағы артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді, деп жазады tengrinews.kz.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бостандығы шектелген немесе шартты түрде сотталған қазақстандықтардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салу туралы түзетулер енгізді. Осылайша, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза өтеп жатқандар да бәс тігуге, казиноларға баруға және жалпы құмар ойындар ойнауға тыйым салынады.

Сонымен қатар, құжатта букмекерлік кеңселер жарнамасына тыйым салу ұсынылды.

Жалпы, заң жобасы денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және артық заңнамалық реттеуді жоюға бағытталған құқықтық нормаларды қамтиды. Мысалы, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулерді кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетілетін қызметтер тізіміне енгізу ұсынылады.

Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілерін қарастыратын тәуелсіз сараптама комиссиясын қалыптастыру механизмін жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізілді.

Депутаттар заң жобасын мақұлдап, оны Сенаттың қарауына жіберді.