​Қазақстанда сыраға сұраныс 18%-ға төмендеді

0
127

2024 жылы Қазақстанда сыра бағасының өсімі бәсеңдеді.


​Қазақстанда сыраға сұраныс 18%-ға төмендеді

Фото: Pixabay

ERNUR.KZ. ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросы көбікті сусынға сұраныстың төмендегенін тіркеді, деп жазады inform.kz.

Импорт 50,4 млн литрді құрайды. 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шетелдік жеткізілім 18%-ға қысқарды.

Қазақстанға сыра Ресейден (80%), Германиядан (5,2%) және Грузиядан (2,8%) әкелінді. Басқа елдерден жеткізілім көлемі мардымсыз болды. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанға импортталған сыраның жалпы құны 33,1 миллион долларды құрады.
Отандық өндіріс
Сыра өндірісі кейінгі жылдары шарықтау шегіне жетті: Қазақстан Республикасындағы ресурстардың жалпы көлемінде сыра өндірісінің үлесі 88%-дан кем болмады. Оның көлемі 2022 жылдан бастап қысқарды. Екі жыл бұрын бұл қысқарту – небары 0,6%-ды құраса, 2023 жылдың соңына қарай статистика мамандары қазақстандық сыра өндірісінің 14,8%-ға қысқарғанын хабарлады. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында теріс динамика аз болды: бар болғаны - 1,3%.
Қазақстандағы негізгі сыра қайнату аймағы Алматы мен Алматы облысы болып қала береді. Олардың жалпы өндірісі 2023 жылы 389,6 млн литрді немесе жалпы көлемнің 63,7%-ын құрады.
Кейінгі екі жылда өндіріс көлемінің аздап төмендеуіне көбікті сусынға сұраныстың төмендеуі себеп болды. Егер 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында ішкі нарықта небәрі 553,1 млн литр сыра сатылса, яғни бір жыл бұрынғыдан 2,8%-ға аз болса, 2023 жылы қысқарту айтарлықтай болды: 12,6%. 2022 жылы ішкі нарықта сыра сатылымы 756 миллион литрден асты.
Сыра бағасы
Numbeo.com өмір сүру құны бойынша ең ірі халықаралық онлайн деректер базасына сәйкес, Қазақстан сыраның құны бойынша 83-орында тұр. Қызметтің мәліметінше, отандық сыраның 0,5 литрі - 0,9 АҚШ доллар (445 теңге). Ең қымбат отандық сыра бар елдер арасында мұндай баға белгілері жоқ. Мысалы, Иорданияда көбікті сусынның 0,5 литрі 4,8 АҚШ долларына (немесе 2,5 мың теңгеге), Аустралияда 4,5 АҚШ долларына (немесе 2,4 мың теңге) сатылады.
2024 жылы Қазақстанда сыра бағасының өсімі бәсеңдеді. 2023 жылдың қарашасында сыра бағасының жылдық өсімі 22,6%-ды құрады. Содан ай сайын бағаның өсуі азайып отырды. Сыраны тұтыну бағасының индексі ең төменгі деңгейге 2024 жылдың қарашасында жетті. Сол кезде жылдық өсім небәрі 12,3% болды.