Онлайн сауданы ынталандыру үшін 2023 жылға дейін салық жеңілдіктері көзделген.
ERNUR.KZ. Жыл соңына дейін тағы он банкте мобильді төлем жүйесі пайда болады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдедді, деп хабарлайды ktk.kz.
"Жедел төлемдерді дамыту үшін ұлттық банк ұялы телефонды төлем құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жоба енгізді. Бүгінгі таңда жобаға 3 банк қатысады, жыл соңына дейін 10 банкті қосу жоспарланып отыр", - деді министр үкімет отырысында.
Дәленовтің айтуынша, онлайн сауданы ынталандыру үшін 2023 жылға дейін салық жеңілдіктері көзделген. Жеңілдікке ие болу үшін бизнес субъектілерінен 509 өтінім түсті. Сондай-ақ, министр Қазақстандағы электронды сауда нарығына тоқталды.
"2018 жылдың қорытындысы бойынша онлайн-сауда нарығының көлемі 1,5 есеге өсіп, 269 миллиард теңгені құрады. Электронды сауданың үлесі 2,9%-ке тең. Электронды саудадағы белсенді сатып алушылардың саны 2 есеге артып, 2,3 миллион адамға жеткен", - деді ол.
Оның айтуынша, қазір нарықта 1700-ден астам дербес интернет-дүкен жұмыс істейді. Елімізде бір миллионнан астам ШОБ субъектісіне өз тауарын сатуға мүмкіндік беретін 20-ға жуық электронды сауда алаңы (маркетплейс) қызмет етеді. Қазақстанда электронды коммерция нарығының 68%-ін тауарлар саудасы құраса, 32%-і – көрсетілетін қызметтерге тиесілі.